Бүгін сабақ жоқ
Күні кеше, табиғи жағдайға байланысты, бүгін Қостанайдағы барлық орта мектептерде бірінші ауысымда сабақ болмайтыны туралы мәлімделген еді. Енді қалалық білім бөлімі екінші ауысымда да оқу болмайтынын хабарлап отыр. Барлық сынып оқушылары ауа райы тұрақталғанға дейін үйлерінде қала алады. Ал балабақшалар мен мектепке дейінгі білім беру мекемелері штаттық режімде жұмыс істейді.