Әділетсіздігі үшін айыппұл төлейді
Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 54 жастағы азамат Д.-ға қатысты әкімшілік істі қарады.
Іс құжаттары бойынша, "Қостанай қаласының тұғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар транспорты және автокөлік жолдары бөлімі" ММ "Қаланың орталық бөлігіндегі жалпы тұтыныстағы тұрақтар мен көшелердің ағымдық қалпы" атты электроныды кокурсы жарияланып, әлеуетті жеткізуші "Жігер-Ақтау" ЖШС-нің өтінімі қабылданбаған. Сылтау – біліктілік талаптары сәйкес келмейді-міс. Конкурс комиссияларының өтінімді қабылдамауының тағы бір себебі – серіктестіктің материалдық ресурстары жеткіліксіз деген негізсіз қарсылық көлденең тартылған.
Азамат Д. сотта өз кінәсін толық мойындады.
Сот оған әкімшілік жаза тағайындап, 100 АЕК (200 мың теңге) көлемінде айыппұл белгіледі.