Ұрлықты қолдан ұйымдастырған
Жітіқара қаласында полиция қызметкерлері қолдан ұйымдастырылған ұрлықты ашты. Жанар май құю станциясының қызметкері 600 мың теңгеден астам қаржыны жымқырмақ болған.
Бұл туралы Қостанай облысы ПД бастығы Оман Омарбеков Фейсбукте айтып берді.
"Бүгін таңертең Жітіқара полиция бөлімінің 102 пультіне жанармай құю станциясының бірінде операторды күш қолданамын деп қорқытқан белгісіз ер адамның кассадан 600 мың теңгеден астам ақша ұрлап кеткені туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына бірнеше минут ішінде жедел тергеу тобы барды. Жанармай операторынан жауап алу кезінде полиция қызметкерлеріне берілген ақпараттың күмәнді екені анықталды. Жиналған дәлелдерге байланысты күдікті қыз "ұрланды" деп көрсеткен соманы қалтасына басу үшін қылмыс жасағанын мойындады. Қомақты қаражат кассаға қайтарылды", – деп хабарлады Ерлан Омарбеков. Қазіргі уақытта полиция "Жалған ақпарат тарату" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған.