Тәртіп сақшысының тұжырымы

Қостанай облыстық ІІД облыстық психоневрологиялық диспансердің бас дәрігері және сот-психиатриялық сараптама төрайымы болған Рашида Сандыбаеваны өлтірудің қалай ашылғаны және тергеу барысы туралы айтып берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
ІІД криминалды полиция басқармасының басшысы Мейрам Базарбаев дәрігерді өлтіруге қатысты барлық күдіктілердің ұсталғанын мәлімдеді.
«17 сәуір күні Қостанай қаласында қылмысқа қатысты соңғы күдікті ұсталды, – деді М.Базарбаев. – Өзге үшеуі бұрын анықталды. Олардың бірі – психоневрологиялық диспансердің бөлім басшысы Зәуреш Изалдина».
Бұған дейін хабарланғандай, қылмыс 20 ақпанда Қостанай қаласында болды. Рашида Сәндібаева өз пәтерінде ондаған жерінен пышақталып қаза тапты. Полиция қызметкерлері ҚР ҚК 99-бабы, 2-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізуде. Іс бойынша сот сараптамалары тағайындалды.
«Жедел-тергеу шараларын жүргізу барысында Сәндібаеваның туыстары мен жақындарынан жауап алынды. Олар соңғы уақытта Р.Сәндібаеваның өз пәтерінде жұмыс істегенін, құжаттарды үйге алып кеткенін хабарлады, – деді тергеу басқармасының басшысы М.Базарбаев. – Одан кейін полиция қызметкерлері Сәндібаеваның пәтеріне тексеру жүргізіп, облыстық психиатриялық ауруханада ем қабылдаған бірнеше науқастың сырқатнамасын тәркіледі. Бұл деректерді зерделей келе, құжаттардың бірі облыстық психиатриялық ауруханада ем қабылдаған науқасқа тиесілі екені анықталды. Ол екі қылмыс үшін ұсталып, тергеу оқшаулағышында болған. Тергеу кезінде ол диспансердегі бөлім басшысы Изалдинаның қылмысқа қатысы болуы мүмкін екенін айтты, себебі екі әйел арасында қайшылықтар жиі болып тұрған».
Полиция қызметкерлері күдікті Изалдинаға қатысты жедел шаралар жүргізіп, оның Руслан Гафаровпен таныс екенін білді. Кейінірек, Гафаровтың тергеудің күмәнін тудырған тағы үш адам тұрған ПИК шағынауданында орналасқан жалдамалы пәтерге жиі барғаны анықталды.
«Сәндібаеваның өлімінен кейін жедел қызмет оның пәтері жанындағы дүкеннің бейнежазбасын алды, – деп баяндады М.Базарбаев. – Осы видеоны қарау кезінде Гафаров барған адамдарға ұқсас екі күдікті анықталды. Олар қылмыс жасалған соң дереу Қостанай аумағынан шығып, Қарағанды облысындағы Шахтинск қаласына кеткен. Сол уақытта полиция олардың Қостанай аумағындағы екі ұрлыққа қатысы барын білді. Оларды Шахтинск қаласында ұстап, Қостанай қаласына жеткізді».
Көп ұзамай күдіктілер бұлтартпас дәлелдерге байланысты дәрігер Сәндібаеваны өлтіру фактісі бойынша мойындау туралы түсінік берді.
«Алайда ол уақытта Гафаровтың қылмысқа қатысы туралы тікелей ақпарат болған жоқ, – дейді Қостанай ІІД тергеу басқармасының басшысы. – Ол тергеу органдарынан жасырынды және сырттай тұтқындалып, іздеу жарияланды».
Еске сала кетсек, 17 сәуір күні күдікті Руслан Гафаров ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Осылайша, аталған қылмыстың барлық қатысушылары қамауда отыр.
«Психоневрологиялық  диспансердің бұрынғы бас дәрігерін өлтіруге күдіктілер тыңғылықты дайындалған, – деп санайды М.Базарбаев. – Олар қылмыс жасалған аудандағы бейнекамералардың қайда орналасқанын, Сәндібаеваның күн тәртібін және дағдысын білген. Жалпы алғанда, бұл қылмыс алдын ала мұқият ойластырылған». 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓