Абаттандыру жұмыстары жалғасуда
Бүгін мемлекеттік мекеме қызметкерлері көгалдандыру жұмыстарына кірісіп кетті. Олар өңір орталығындағы көше бойына ағаш егуде.
-Жалпы, туған өлкемізді көріктендіруге жаппай атсалысуымыз керек. Өйткені, ата-бабамыз «Бір тал кессең, он тал ек» деп бекер айтпаған. Осы терең сөзден тағылым алуымыз қажет,- дейді ағаш егу жұмыстарына қатысушы Данияр Саметов.
Жалпы, Сарыкөл кентінің әкімі Сейтбек Қаппасовтың айтуынша, бүгін барлығы 150 түп ағаш егілмек. Ол үшін тиісті мекеме өкілдері жеткілікті