Есірткі сатуды кәсіп еткен отбасы заң алдында жауап беретін болады

2953405Облыстық ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өз пәтерінде есірткі сатумен айналысқан 54 жастағы әйел мен оның 28 жастағы ұлын ұстады.
Рудный қаласында Ленин көшесіндегі пәтерге полицейлер келгенде үй иесі әйел есірткіні сату үшін қалташаларға бөліп салып жатыр екен. Сондай-ақ пәтерді тінту кезінде қылмыстық жолмен табылған бір жарым миллион теңге табылды.
Полиция қызметкерлерінің мәліметтері бойынша бұл отбасы ірі көлемде героин сатумен айналысып келген. Күдіктілердің үйінен 100 грамнан астам героин тәркіленді. Әйелдің өзі есірткі тұтынбайды, тек оны сатуды кәсіп еткен. Ал оның ұлы нашақор болып шықты, оның машинасынан төрт орамадағы героин табылды.  Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, отбасы мүшелері қамауға алынды.
Еске сала кететін бір жағдай, облыс аумағында  31 қазанда  "Көкнәр-2014"  жедел  алдын алу іс-шарасы аяқталды. Осы уақыт ішінде Қостанай облыстық ІІД есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы күрес басқармасы облысымызда 114 қыл-мысты ашты.  51 есірткіні тарату, 44 есірткіні сақтау, 4 есірткі заттарын өсіру, 3 есірткі заттарын пайдалану тәртібін бұзу жағдайы тіркелді. Жалпы айналымнан 500 килограммға жуық әр түрлі есірткі заты тәркіленді.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓