Құқық бұзушылар бюджетке 60 млн теңге қарыз
ҚазАқпарат. Қостанайда «Борышкер» полицейлер операциясы басталды. Іс-шара барысында салынған айыппұлдарды төлеуден жалтарған құқық бұзушылар анықталуда.
Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметінің деректеріне сәйкес, жыл басынан бастап тәртіп сақшылары 20 мыңнан астам түрлі құқық бұзушылықты анықтады. «Жол қауіпсіздігі желісі бойынша 12 мың 966, алдын алу желісі бойынша – 7 мың 065 факті тіркелді, – деп атап өтті баспасөз қызметінде. – барлығы 127 млн 729 мың 060 теңге айыппұл салынған, оның 68 млн 753 мың 790 теңгесі өндіріліп алынған. Айыппұлдарды өндіріп алу деңгейі 54 пайыздан астамды құрайды».
Қостанай қаласы ІІБ әкімшілік полициясы әкімшілік практика бөлімінің аға инспекторы Серік Әбдіхалықов былай деді: «Азаматтардан өздеріне артық проблема тудырмай, әкімшілік құқық бұзғаны үшін айыппұлды уақтылы, ерікті түрде төлеуін сұраймыз. Борышкерлердің көлігін айып тұрағына дейін қоятын қатаң жазаларды қолданатын боламыз».
Бұл шара «ВАЗ-2107» көлігінің жүргізушісіне қолданылды. Ол мемлекет қазынасына 70 мыңдай қарыз. Көлігі қадағалау органы өкілінің қатысуымен эвакуацияланды.
Күн сайын сот орындаушылары полицейлермен бірлесіп қаулылардың орындалмауы бойынша мониторинг өткізеді. Борышкерлер тізімі полицияның учаскелік инспекторына жіберіледі. Ведомствода төленбеген айыппұлдар жөнінде ақпарат алу үшін тұрғылықты жері бойынша полиция бөлімдеріне жүгінуге болатынын атап өтеді.