Экс-полиция айыпталуда

Облыстық баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Қостанай қаласының №2 сотына 41 жастағы азаматқа қатысты қылмыстық іс түсті.
Тергеу материалдары бойынша, облыстық ІІД-нің есірткі бизнесімен күрес басқармасының ерекше істер жөніндегі бөлімінің аға жедел уәкілі қызметін атқарған, полиция майоры К. 2008-2012 жылдар аралығында Қостанай қаласында ұйымдасқан қылмыстық топқа қамқорлық жасаған. сотАйыпталушы ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі емес. Алайда А., П., К. басқарған топтың қылмыстық әрекеттерін, сонымен қатар топ құрамын, оның басшылық бағанасын, заңсыз есірткі саудасын жүргізу әдістерін егжей-тегжейлі білген. Бұрынғы полиция қызметкері қызметтік лауазымын асыра пайдаланған, нақты ұйымдасқан топ мүшелерін қылмыстық жауапкершілікке тартпау түрінде қамқоршылық танытқан. Осылайша, К. ҚР ҚК-нің 307 бабы 4 бөлігімен (қызметтік лауазымын асыра пайдалану) қарастырылған (16.07.1997 жылғы редакцияда) қылмысты жасаған.
Осы іске қатысты сот отырысы жақын күндері өтеді.  
 
Қарлығаш ОСПАНОВА
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓