214 келіден астам есірткі тәркіленді

Өткен жылы облыс полициясы 214 келіден астам есірткі, оның ішінде 556 г героин, 2 келіден астам "синтетика" тәркілеген. Жалпы алғанда, бұл – тыйым салынған заттардың шамамен бір жарым миллион дозасы,. Олардың  "қара нарықтағы" құны орта есеппен 700 миллион теңге болады.
"Әрбір интернет-дүкеннің артында есірткі сатушылар, курьерлер, кепілгерлер желісі бар тұтастай қылмыстық топтар тұр. 2022 жылы біз зиянды мазмұндағы контент,  психоактивті заттар мен есірткінің жаңа түрлерін жарнамалайтын 397 сайт пен сілтемелерді анықтадық. Олардың барлығы "Киберқадағалау" жүйесі арқылы бұғатталды", – деді облыстық ПД бастығы Ерлан Омарбеков есеп беру кездесуінде.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓