Диплом тақырыбы – мемлекеттік қызмет

    ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаментінде мемлекеттік қызмет институтын дамытуға,  сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын одан әрі жақсартуға байланысты дипломдық жұмыс тақырыптарын таңдаған  өңіріміздегі  бір топ жоғары  оқу орындарының түлектерімен кездесу болып өтті.BTGvpVJWbIc
     Кездесу барысында студенттер өздерінің ғылыми  зерттеу жұмыстарының  нәтижелері туралы айтты. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және алдын алу саласындағы қазіргі заманғы мемлекеттік стратегияны талқылады. Зерттеу жұмыстарында жоғарыда аталып өткен өзекті мәселелердің алдын алу, қазіргі заманғы мемлекеттік стратегиямызды одан әрі нығайту мен дамытудың жолдары жайлы өздерінің ұсыныстары мен пікірлерін білдірді.  Кездесуде департамент басшысының орынбасары Ә.Досекенов сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қашанда өзекті екенін, сондықтан да оған қарсы күрес, алдын алу шаралары кешенді болуы қажеттігін атап өтті.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте тек мемлекет тарапынан  ғана емес, сондай-ақ барлық өмірлік салаларда  азаматтық қоғамның күш-жігерін шоғырландыруымыз қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нәтижелі болуы үшін, біріншіден, мемлекеттік функцияның тұрақты және тынымсыз , екіншіден, қоғам тарапынан  бақылаудың болуы керек.
Кездесу аясында талқыланған дипломдық жұмыстарды жазу және қорғау бойынша ұсыныстар берілді. Өз кезегінде  осы жұмыстар мен  тәжірибе  алдағы  оқу жылдардағы жоғары оқу орындарының студенттері үшін ғылыми-зерттеу жұмыс базасының негізі болады.
 
Гүлназым САҒИТОВА.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓