“Тобыл” футболшылары ұлттық құрама сапында

7 маусым күні Қытай және Қазақстан ұлттық құрамалары арасындағы жолдастық кездесуде ел намысын қорғайтын футболшылардың тізімі жарияланды. Аспан асты елінің футболшыларымен өтетін жолдастық кездесуде Қазақстан ұлттық құрамасын бапкер Талғат Байсуфинов бастап апарады. Оған аға жаттықтырушы Нүркен Мазбаев көмектеседі. 
qytaiga-qazaqstan-quramasy_05_19
Отандық бапкерлер құрамы 3-8 маусым аралығында өтетін жаттығу жиынына мына футболшыларды шақыртқан: қақпашылар – С.Покатилов («Ростов»), В.Плотников («Қайрат»), Д.Лория («Ертіс»); қорғаушылар – А.Бейсебеков («Астана»), Е.Қуантаев («Қайрат»), Д.Шомко («Астана»), Е.Ахметов («Ертіс»), Ю.Логвиненко («Астана»), Г.Сүйімбаев («Ордабасы»), С.Малый («Ертіс»), В.Дмитренко («Тобыл»); жартылай қорғаушылар – Б.Исламхан («Қайрат»), С.Мұжықов («Астана»), И.Қуат («Қайрат»), А.Тағыберген («Астана»), М.Төлебек («Ордабасы»), М.Байжанов («Шахтер»), А.Нұрғалиев («Ордабасы»), С.Смақов («Ақтөбе»), Ұ.Қонысбаев («Атырау»); шабуылшылар – Т. Нөсербаев («Астана»), Р.Мұртазаев («Ертіс»), С.Хижниченко («Тобыл»).
 
Қосалқы құрам: қақпашы – С.Отарбаев («Ақтөбе»); қорғаушы – Б.Айтбаев («Тараз») жартылай қорғаушылар – Ж.Қожамберді («Оқжетпес»), Т.Досмағамбетов («Тобыл»), А.Мухутдинов («Тобыл»); шабуылшылар – Ж.Молдақараев («Оқжетпес»), А.Щеткин («Астана»).

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓