4 мыңнан астам бүлдіршін мектепке барды
Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев М.Горький атандағы мектеп-гимназиясының оқушылары мен педагогтарын 1 қыркүйек – Білім күні мерекесімен құттықтады.
«Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Білім – мемлекеттің ең маңызды бағыты. Осыған байланысты, Мемлекет басшысының тапсырмасымен, Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығы және Балалар жылы аясында басталуы өте маңызды. Бұл мектептің табалдырығын биыл 180 бала аттап отыр. Ата-аналар балалардың бұл қадамына өте қуанышты. Өйткені, бұл мектеп ҰБТ, басқа да пәндік олимпиадалар бойынша қаладағы мектептердің ішінде үнемі көш бастап келеді», – деді Марат Қонысбайұлы.
М.Горький мектеп-гимназиясы іргелі білім ошағы саналады. Оған дәлелі – мұндағы оқушылар жыл сайын республикалық, халықаралық деңгейдегі жүлдегерлері атанып жүр. Осы жылы аталған білім ошағының педагогтары мен оқушылары 60-тан астам марапатқа ие болды. Жыл сайын ҰБТ-ден оқушылар жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Орташа 90-нан кем емес. Бұл түлектерге еліміздің және шетелдік үздік жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік береді. Бұл қаламыздағы ең үздік инновациялық мектептердің бірі.
Әсіресе, бүгін бірінші сынып оқушылары үшін қызықты күн. Бұл мектепте 180 бала мектеп табалдырығын аттады. Сондай-ақ, облыс орталығында биылғы оқу жылында 1000-нан астам түлек мектепті аяқтайды, оның 67-і гимназия түлегі.
Салтанатты жиында қала басшысы он бірінші сынып оқушыларын да құттықтап, жыл бойы ҰБТ-ға мықты дайындалулары тиіс екенін атап өтті.
Айта кету керек, жаңа оқу жылында Қостанайда төрт мыңнан астам бүлдіршін бірінші рет мектеп табалдырығын аттады.