Жаңа тұлға, үздік студент

Жерлесіміз, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің І курс студенті Валерия Лис «ТМД-ның 100 жаңа тұлғасы – 2022» және «ТМД-ның үздік студенті – 2022» Халықаралық байқауларының жеңімпазы атанды. 
Астанада өткен «Жастар және ғылым: Тәуелсіздіктің жаңа тренді» атты VI халықаралық конференцияға ТМД елдерінің ғалымдары, үздік оқытушылары мен студенттері  қатысты. Конференция аясында Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында Халықаралық байқаулардың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Шараны «Бөбек» жалпыұлттық қозғалысы ұйымдастырды.
Байқауларда бағы жанған жерлесіміз В.Лис Халықаралық байқаулар жеңімпазының медальдарымен марапатталып, оның жетістіктері «Халықаралық дарынды адамдар энциклопедиясына» және «Халықаралық талантты жастар энциклопедиясына» енгізілді.
Валерия – «Алтын белгі» иегері. Ол мектеп қабырғасында үздік, әрі белсенді оқушы ретінде танылып, талай рет облыстық, республикалық,  халықаралық олимпиадаларда жүлделі орындарға қол жеткізген.Дарынды жастың білім жолындағы жетістіктері оған еліміздегі ең беделді жоғары оқу орнының грантын жеңіп алуға мүмкіндік берді.
Жетекшісі –Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның биология және география пәнінің мұғалімі, Қазақстан Республикасының «Үздік мұғалімі – 2021» атағының иегері Александр Пэк.
Мұрат Жүнісұлы,
Арқалық қаласы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓