Сыннан сүрінбеген Саягүл

Рудный қаласының осы жылғы мектеп бітірушілері үшін өмірлеріндегі ең маңызды сынақ маусымның 3-і күні болып өтті. Олар Ұлттық Бірыңғай Тестілеу-ден өтіп, 11 жыл бойы алған білімдерін сынға салды.
image descriptionЖас түлектер осы сыннан сүрінбей, ата-аналары мен ұстаздарының ақ үміттерін ақтауға бар күштерін салды. Сондай үміттерді ақтай білген оқушылардың бірі – Рудный қаласының № 7 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Сарсанова Саягүл. Саягүл тес-тілеуден жоғарғы ұпайды иеленіп, өзінің "Алтын белгіге" лайықты екендігін дәлелдеді. Ол өзінің табандылығы мен алға қойған мақсатының арқасында өмірінің алғашқы сынынан сүрінбей өткендігін айтады. Ерекше белсенділігімен, жан-жақтылығымен танылып жүрген оқу озатының қоржынында бірнеше мектепшілік, қалалық, облыстық, сонымен қатар республикалық білім сайыстарының жүлделері бар. Осындай жан-жақты дамыған жас болашағынан зор үміт күттіреді. Саягүлдің ендігі арманы еліміздің ірі жоғары орындарының бірінде білім алып, елі-не пайда тигізер білікті маман болу.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓