Алаяқтық өрши түсті

Қостанай облысында тағы алаяқтық қылмысы өрши түсті. Көленең табысқа жету жолында айлакерлер әр түрлі қызмет түрлерін ұсынып, тұрғындарды алдауда. Бірі жылжылмайтын мүлікті саудаласа, енді бірі ірі қара малды темір тұлпарға айырбастамақ болған. Сонымен қоса, ұялы телефон арқылы азаматтарды алдау белең алып барады.телефон
Нақтырақ тоқталатын болсақ. Жақында Рудный қаласының тұрғыны 300 мың теңгені белгісіз біреулерге табыс еткен. 77-жасар зейнеткердің үй телефонына ер адам қоңырау шалып, өзін құқық қорғаушы ретінде таныстырған.  Содан кейін қамауға алынған ұлын босату үшін қарт анадан қолма-қол ақша талап еткен. Оның сөзіне сенген зейнеткер айтқанын орындап, қажетті ақшаны есеп шоттан шешім алған. Нұсқау бойынша қаржыны даладағы орындыққа қалдырып кеткеннен соң баласына қоңырау шалған. Анасының алаяқтардың алдауына түскенін түсінген ұлы дереу полицияға хабарласқан.
Қостанай облысы ІІД қылмыстық полиция басқармасының қызметкерлері азаматтарға ескертеді. Егер белгісіз біреулер қоңырау шалып, туысыңыздың тұтқынға алынғанын айтып, ақша талап етсе, дереу полицияның 102 нөміріне хабарласыңыз.  Тәртіп сақшыларының сөзінше, мұндай қылмыстарды ізін суытпай ашуға болады.деньги
Тағы бір мысал келтірсек. Федоров ауданы Владыкинка ауылының  тұрғыны өзін алдаған адамға қатысты полицияға арыз жазған. Аталмыш азамат бір бас ірі қараны «ВАЗ-2121» темір тұлпарына айырбастап алған.Айырбас жүзүге асқаннан кейін ғана автокөліктің еш құжаты жоқ екендігі анықталды. Заңсыз табыс таппақ болған 41-жасар ауыл тұрғыны қамауға алынды.
Аталмыш деректер бойынша қылмыстық істер қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. 
 
Махаббат Бекбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓