Экспорт көлемін ұлғайту қажет

Ауыл шаруашылығы кешенін индустрияландыру бағдарламасы елімізде қарқынды дамуда. Өңір бойынша 2009-2015 жылдары 162 қаржы жобасы іске асты. Бұл дегеніміз – жақсы көрсеткіш. Қазірдің өзінде 7,5 млрд. теңге қаржыны игеру жоспарда тұр. Бұл жайында облыс әкімдігінде өткен аппарат жиынында ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Байбосын Мурзин мәлімдеді.Индустрияландыру
Оның айтуынша, берілген қомақты қаржыға 330-ға жуық жұмыс орны ашылмақ. Таратып айтсақ, мал шаруашылығына – 6, өсімдік шаруашылығына – 11, қайта өңдеу өнеркәсібіне – 7 қаржы жобасы игерілмек.
– Былтыр «Садчиковское» ЖШС сүт өнімі түрлерін шығаратын құны 210 млн. теңге тұратын Германияда жасалған жаңа цехты іске қосты. Соның арқасында олар күніне 5 тонна өнім өндіріп отыр. Садчиковтықтар 800 бас сиырды бағып-күтетін әрі сауатын, жаңа заманға сай технологиямен қамтылған 2 қаржы жобасын игеріп те тастады,– деп Байбосын Мурзин келесі қаржы жобаларын тізе бастады.сут
Өңір қазір ет кластеріне де басты назар аударып отыр. Қарабалық, Қамысты, Қарасу аудандары бір мезгілде 14 мың ірі қара ұстайтын мал бордақылау алаңын салу жоспарлауда. Бұл ет экспорты өндірісін 3500 тоннаға ұлғайтпақ. Ал, 2019 жылы тіпті 5500 тоннаға дейін жеткізу көзделуде.
Биыл «Агробизнес 2020» бағдарламасы негізінде «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық», «Ырыс» бағдарламалары жүзеге асып, ет, сүт өнімдері әрі егін шаруашылығы көлемі біршама өседі дейді Байбосын Мурзин өз есебінде.Сыбага
Ауыл шаруашылығына қатысты барлық жайға қаныққан облыс әкімі Архимед Мұхамбетов экспорт көлемін әлі де ұлғайта беруді, мал, егін шаруашылығын бір бағытта ғана емес, әр қырынан дамыта түсуді айтты. Ал, астық сақтайтын элеваторлар шаруаларға ыңғайлы жерде және темір жол бағытына жақын орналасу қажеттігін мықтап тапсырды.
 
Нұрболат МЕШІТБАЕВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓