Тоқта, паровоз…
Тәртіп сақшылары "Атырау-Астана" бағытындағы жолаушылар пойызының мәжбүрлі тоқтауына себепші болған екі жеткіншекті ұстады.
Пойыздың "Майлин-Тобыл" аумағы тұсында, жолдың 676 шақырымында төтенше тежелуіне тура келген. Өйткені темір жол үстінде ұзындығы бір-бір метр болатын үш бірдей пикетті темір бетонды бағана және бір шақырымдық жол меңзер жатқан.
Жедел іздестіру шаралары барысында айыптылар алысқа ұзамай қолға түсті. Олар – 11 және 16 жастағы Лисаков қаласы маңындағы Октябрьский ауылының тұрғындары. Айыптылар "бұл әрекетке "бағаналар пойызды тоқтата ала ма, жоқ па?" деген қызық үшін бардық" деп ақталған.
Бұл дерек біртекті сотқа дейінгі тергеу реестріне тіркеуге алынды.