Қарақшыларды қандай жаза күтіп тұр?

Облыстық соттың баспасөз қызметі мәлімдегендей, шіркеуге қарақшылық шабуыл жасағандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
1e3b8c6bec5d6d2cdc65fd822f6ab812-764x430Іс қағаздарына сүйенсек, өткен жылдың 26 тамызында түнгі сағат 3-тер шамасында азамат С. алдын ала сөз байласу арқылы Ш.-мен бірігіп “Сятой Михаил” шіркеуінің аумағына кіріп, күзет бөлмесіне өтеді. Күзетші әйелді бірнеше рет соққыға жыққан қарақшылар, оның қорғансыздығын пайдаланып шіркеу ішінен 60 мың теңгенің мүлкін ұрлайды. Осылайша, шіркеуге айтарлықтай материалдық залал келтірген қарақшыларға қатысты ҚР ҚК 178 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қостанай қалалық №2 сотының қарауына түскен бұл қылмыстық іске қатысты сот отырысы 19 қаңтар күні өтеді.
 
Қарлығаш Оспанова

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓