Рудныйдағы жеңіс мерекесі (фоторепортаж)
Кеншілер қаласындағы Жеңістің 71 жылдығы кең көлемде тойланды. Алдымен жиналған жұртшылық қаланың орталық алаңындағы салтанатты митингті тамашалады.
Одан кейін «Мәңгілік полк» акциясына кезек берілді.Мыңнан астам Рудный тұрғыны патриоттар қатарында, Ұлы Отан соғысында жаумен шайқасқан өз ата-бабаларының портреттерін көтеріп, сап түзеді. «Мәңгілік полк» шеруіне қатысушылар Ленин көшесі бойымен Космонавттар даңғылындағы Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан батырлар монументіне бағыт алды.
Оларды соғыс жылдарындағы әндерді орындаған әскери оркестр сүйемелдеді. Айта кетерлігі, былтыр бұл патриоттық акцияға 150-ге жуық тұрғын қатысса, биыл олардың саны 800-ден асып жығылды.
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ