Ғасырдан да ұзақ ғұмыр

Қостанай қаласында қос ғасырға куә болған қарт әжей тұрады. Кейуана биыл жүз он төртке толып отыр. Марпуға Селтеткенова 1902 жылы Ресейдің Қорған облысы, Альмен ауданы, Шарипов ауылында дүниеге келген. Әкесі ерте қайтыс болып, анасы балаларымен Челябі қаласына көшіп келеді. Сол жақта медреседе білім алып, тұрмысқа шығады. Дүниеге төрт бірдей бала әкелсе де, соның біреуі де тұрақтамай, шетінеп кеткен. Артынша Мұхаммеджан есімді азаматпен танысып, екінші рет отбасын құрады.IMG_7238
Бүгіндері ұрпақтары еліміздің әр жерінде тұрады. Он баланың анасы қазір Жібек атты қызының қолында. Селтеткеновтар әулеті 1992 жылы Қазақстанға қоныс аударған оралмандар. Жетпіске тақаған Жібек апамыз Марпуға әжейдің көңілі сергек, қимылы ширақ екенін айтады.IMG_7199
Қостанайда Марпуға Селтеткенова сынды ұзақ жасаған жандар қатары саусақпен санарлық. Көненің көзі болған әжейге бүгіндері республика тарапынан қолдау көрсетіп, назарда ұстайды. Әр мереке сайын құттықтап, мерейін асырып отырады. Әжеміздің ерлігін «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Орталық Кеңесі де ескерді. Ұзақ ғұмыр жасап, үлкен отбасын құрған кейуана бүгінгі ұрпаққа сөзсіз үлгі болары анық. IMG_7211 Астана қаласынан жолдаған марапат пен сый-сияпатты Қостанай облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебек Укин мен қаламыздың Құрметті азаматы Беген Көпеш өз қолымен табыстады. Ғасыр жасаған әженің хал-жағдайын біліп, әңгімілесіп қайтты. Әлі күнге дейін қолынан Құран кітабын тастамаған әжеміздің жайы бізді қуантып тастады. Ақ әжемен сәл сырласқан соң батасын алып, қоштастық. IMG_7232
 
Кенже ҚОНЫСБАЙ
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓