Аңыз көп, ақиқатын кім білген…
Халқымыз ержүрек батырларының ерліктерін, я болмаса, аузы дуалы, сөзі уәлі қадірлі тұлғаларының игі істерін әңгімеге арқау етіп, ел ішінде таратқан. Небір таңғажайып оқиғалар уақыт өте келе аңызға айналса керек. "Аңыз түбі – ақиқат" деген сөз де босқа айталмаған болар. Әңгімені не себепті алыстағы аңыздан бастады демеңіз. Жуырда тарихи аңыздарды зерделеудің, саралаудың, сараптаудың нәтижесінде жаңа кітап жарыққа шықты. Туындының авторы – филология ғылымдарының докторы, фольклортанушы ғалым Алмасбек Әбсадықов.
Зерттеу, аты айтып тұрғандай, Қазақ хандығы тұсындағы оқиғаларға байланысты туған тарихи аңыздарды зерделеуге, саралауға, сараптауға құрылған. Халық прозасының мол саласы ретінде аңыздардың рухани саладағы салмағы зор. Автордың пайымдауынша, Қазақ хандығы тұсында болған оқиғалар мен тарихи тұлғалар жайындағы аңыздарға халқымыздың төл тарихына қатысты деректер түсіп, оған әрбір кезең өзінің заманауи рухын, белгісін айшықтап отырған. Өткен тарихтың бел-белестерінде әрдайым жаңғырып отыратын ел әңгімелерінде замана сазы өз ізін қалдырып отырады. Қазақ халқының сыртқы жауларымен күресінің жеңісі мен жетістіктеріне куә болған аңыздық әңгімелерде өршіл, асқақ рух орын алса, ел басына қуғын-сүргін күн туған кезеңдерде дүниеге келген аңыздарда мұң мен қайғыға оранған сарындар белең алып, азаттық пен тәуелсіздікті аңсаған мемлекетшілдік мұрат-мақсаттар бейнеленіп отырады. Тарихи аңыздар өмірде болған оқиғаның туындау және даму себебін сол кезеңдегі халықтың танымынан өрістетіп отырады. Аңыз жанрына фактологиялық дәлдіктен гөрі, танымдық, ғибраттық тағылым жеткізу маңыздырақ. Сондықтан аңыздар болған оқиғаларға өзінше баға береді. Аңыздардың болған оқиғаға деген бағасы халықтың дүниетанымымен, салт-санасындағы ғұрыптармен, белгілі бір дәуірде орныққан саяси танымдармен тығыз байланыста болады.
Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Өтеген Исенов кітаптың алғы сөзінде былай деп жазады: «Қазақ хандығы тұсындағы тарихи оқиғалар туралы аңыздар – халықтың басынан өткен қиын-қыстау, аласапыран заманның көркем шежіресі. Онда шындықта болған тарихи оқиғалардың мән-мазмұны, өмірде нақты өмір сүрген тұлғалардың қызметі фольклорлық дәстүрмен баяндалады. Тарихи аңыздарда халықтың көне түсініктері, дүниетанымы, белгілі бір оқиға мен тұлғаларға берген саяси бағасы, мемлекетшілдік санасы, ел болашағына алаңдаған көңіл-күйі, бірлікті, татулықты көксеген, арман-аңсары көрініс тапқан. Халықтық мұраның ұлтымыздың төл тарихын тануға, саяси бағыт-бағдарын бағамдауға, рухани мұрасының қыр-сырын ұғынуға тигізер маңызы зор. Сан ғасырлық ұрпақтар көшінен ауызша жеткен тарихи аңыздар – халқымыздың мәдени тарихын тануға қызмет жасайтын қазыналы рухани мұра.
Фольклошы ғалым Алмасбек Әбсадықовтың «Қазақ хандығы және тарихи аңыздар» атты ғылыми монографиясы – қазақ фольклортану ғылымына, сондай-ақ ұлттың рухани болмыс-бітімін, ұлттық құндылықтарды саралауға қосылған қомақты үлес».
Ғылыми монография «Қазақ хандығы және тарихи аңыздар» деп аталады. Жаңа кітап Алматы қаласындағы «Айғаным» баспа үйінен шыққан. Монография «Пайым», «Зерде», «Таным» деп айдар тағып, айшықталған үш бөлімнен тұрады. Әрбір бөлім бірнеше тарауларға бөлініп, ол тараулар өз кезегінде зерттеудің мазмұны мен мәнін, зерделенген ғылыми тұжырымдамаларды рет-ретімен оқырман қауымға, зертеуші ғалымдарға жұмыр, тегіс, қисынды тұрғыда жеткізуге қызмет етеді.Зерттеу, аты айтып тұрғандай, Қазақ хандығы тұсындағы оқиғаларға байланысты туған тарихи аңыздарды зерделеуге, саралауға, сараптауға құрылған. Халық прозасының мол саласы ретінде аңыздардың рухани саладағы салмағы зор. Автордың пайымдауынша, Қазақ хандығы тұсында болған оқиғалар мен тарихи тұлғалар жайындағы аңыздарға халқымыздың төл тарихына қатысты деректер түсіп, оған әрбір кезең өзінің заманауи рухын, белгісін айшықтап отырған. Өткен тарихтың бел-белестерінде әрдайым жаңғырып отыратын ел әңгімелерінде замана сазы өз ізін қалдырып отырады. Қазақ халқының сыртқы жауларымен күресінің жеңісі мен жетістіктеріне куә болған аңыздық әңгімелерде өршіл, асқақ рух орын алса, ел басына қуғын-сүргін күн туған кезеңдерде дүниеге келген аңыздарда мұң мен қайғыға оранған сарындар белең алып, азаттық пен тәуелсіздікті аңсаған мемлекетшілдік мұрат-мақсаттар бейнеленіп отырады. Тарихи аңыздар өмірде болған оқиғаның туындау және даму себебін сол кезеңдегі халықтың танымынан өрістетіп отырады. Аңыз жанрына фактологиялық дәлдіктен гөрі, танымдық, ғибраттық тағылым жеткізу маңыздырақ. Сондықтан аңыздар болған оқиғаларға өзінше баға береді. Аңыздардың болған оқиғаға деген бағасы халықтың дүниетанымымен, салт-санасындағы ғұрыптармен, белгілі бір дәуірде орныққан саяси танымдармен тығыз байланыста болады.
Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Өтеген Исенов кітаптың алғы сөзінде былай деп жазады: «Қазақ хандығы тұсындағы тарихи оқиғалар туралы аңыздар – халықтың басынан өткен қиын-қыстау, аласапыран заманның көркем шежіресі. Онда шындықта болған тарихи оқиғалардың мән-мазмұны, өмірде нақты өмір сүрген тұлғалардың қызметі фольклорлық дәстүрмен баяндалады. Тарихи аңыздарда халықтың көне түсініктері, дүниетанымы, белгілі бір оқиға мен тұлғаларға берген саяси бағасы, мемлекетшілдік санасы, ел болашағына алаңдаған көңіл-күйі, бірлікті, татулықты көксеген, арман-аңсары көрініс тапқан. Халықтық мұраның ұлтымыздың төл тарихын тануға, саяси бағыт-бағдарын бағамдауға, рухани мұрасының қыр-сырын ұғынуға тигізер маңызы зор. Сан ғасырлық ұрпақтар көшінен ауызша жеткен тарихи аңыздар – халқымыздың мәдени тарихын тануға қызмет жасайтын қазыналы рухани мұра.
Фольклошы ғалым Алмасбек Әбсадықовтың «Қазақ хандығы және тарихи аңыздар» атты ғылыми монографиясы – қазақ фольклортану ғылымына, сондай-ақ ұлттың рухани болмыс-бітімін, ұлттық құндылықтарды саралауға қосылған қомақты үлес».
Қымбат ДОСЖАНОВА