“Ұлттың ұлы тұмары – Бірлігім”

Арқалықтағы орталық "Наурыз" алаңында осындай атаумен 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Бірлігі бекем халықты қала әкімі Ғазиз Бекмұхамедов пен қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жәнібек Ғапбасұлы құттықтады.20160501_104347
20160501_120755
 
20160501_104400Мерекеге орай алаңда әр ұлттың салт-дәстүрін паш ететін қалашық құрылды. Ұлттық мәдени орталықтар ұлттар мен ұлыстардың татулығын насихаттап, дәм -тұзын ұсынды. Қала мектептері сан ұлттың ән-жырын асқақтатып, мерекелік ақ тілектерін жолдады. Қаладағы "Жас Ұлан" жасөспірімдер орталығы республикалық бірыңғай "Жасұлан" ұйымының қатарына қала мектептерінен төрт жүзге жақын мүшелерін қабылдады. Сондай-ақ, қаланың өнер ұжымдары да ән-күйін әуелетті. Қалалық көркемөнерпаздар байқауының үздік орындаушылары өнер көрсетіп, байқаудың белсенді қатысушы ұжымдарын қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сандуғаш Алматова марапаттады.20160501_120336
Осылайша, қала жұртшылығы еліміздегі ұлы достықтықтың жалауының биік екенін тағы бір мәрте дәлелдеп берді. Күні бойы бұқаралық сауық-салтанат құрып, мерекелік сауда-саттық жәрмеңкесі жүргізілді.
 
Мұрат Жүнісұлы,
Арқалық қаласы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓