Денсаулық саласына дендеп назар бөлді
Аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының мамандары «Нұр Отан» партиясының филиалында денсаулық саласына арнап алқалы жиын өткізді.

Бұған ұйымдастырушылардан басқа «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары, ардагерлер кеңесінің төрағасы, аурухана, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер және дәріхана иелері қатысты.
Шараның басты мақсаты – ауданда заңбұзушылық пен ескертулерді болдырмау.
Руслан Әлкеев
Сарыкөл ауданы