ҚР Суретшілер Одағының мүшелігіне өтті
Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Сандуғаш Жұманқызы Түрікпенова Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығында қызмет істейді.
Ғылыми еңбектері авторлық бірлестікте 1 оқу құралы, 2 оқу-әдістемелік құрал, Республикалық ОӘС және ҚР БҒМ Республикалық оқу әдістемелік кеңесі ұсынған 1 электронды оқулық, институттың ғылыми кеңесі ұсынған 2 электронды оқулық, 28 оқу – әдістемелік кешен, 1 монография, бейне дәрістер, ЖАК бекіткен басылымдар және жақын шетел Низами атындағы Ташкент педагогика университеті, Чехия мемлекетінің ЖОО «Социосфера» базасында өткен халықаралық конференция, Каракас Венесуела, Прага және Қазақстан Республикасының басты қалаларында өткен (Астана, Алматы, Семей, Шымкент, Көкшетау т.б.) ғылыми-практикалық конференциялар жинақтарында жарияланған.
«12 жылдық білім беру жүйесіндегі өнер пәнін оқыту әдістемесі» және «Білім берудің жаңа технологиялары» атты элективті пәндердің авторы.
2011 жылы Астана қаласында өткен халықаралық сурет көрме конкурсына дайындаған студенттері Молдабеков Нұрхан, Аманшин Жасұлан III орын алды.
ҚР ЖОО студенттерінің IV, V, VI, VII Республикалық пәндік олимпиадаларда III, II, III жүлделі орындар алған студенттер командасын дайындағаны, жеке номинациялардан II, III орын алған үшін және «Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» пәні бойынша жоғары деңгейде білім көрсеткені үшін арнайы дипломдармен марапатталған.
2014 жылы Республикалық ЖОО арасында өткізілетін студенттердің ғылыми жұмыстарының жобасы конкурсында дайындаған студенті Аждар Алма министрліктің II дәрежелі, 2015 жылы Иманқұл Оралбек, Жапар Жәнібек министрліктің III дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Жыл сайын өткізілетін «Төлегенов оқулары» ғылыми практикалық конференцияларға дайындаған студенттері I және II орын иегерлері.
Бірнеше Республикалық, қалалық, институт ішілік шығармашылық көрмелер ұйымдастырған.
Мұрат Жүнісұлы,
Арқалық қаласы.