«Қостанай облысы: кеше, бүгін, ертең»

Міне, осындай атпен М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде өңіріміздің 80 жылдығына арналған дөңгелек үстел болып өтті.IMG_5642
Жиын барысында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшысы Г. Құдайқұлова, ғалым-тарихшы И. Терновой, А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің профессоры Қалқаман Жақып, Д. Легкий, облыстық-тарихи мұражайдың директоры Ү.Ақымбекова, Қостанай облысының мемлекеттік мұрағатының өкілі Ж. Абдулина және тағы басқалар сөз сөйлеп, облысымыздың әр кезеңіндегі тарихы туралы мәліметтер мен деректер келтіре отырып айтты.IMG_5611
– Бүгінгі таңда, ең алдымен, студент жастарымыз өз өлкесінің тарихынан, мәдениетінен хабардар болуы қажет. Үстіміздегі жылғы облысымызға 80 жыл толмақ, алып қарсаңыз, өлкеміздің тарихы да, мәдениеті де бай. Өңірімізден шыққан Ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсарин, ғалым Ш. Уәлиханов, Алаш ұлдары А. Байтұрсынов, М. Дулатов, еліміздің атақты қоғам, мемлекет қайраткерлері және ғалымдарымыз туралы жан-жақты біле отырып, өз елінің тарихын, мәдениетін зерттеуге, танысуға қызығушылығы артады. Өзінің интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін арттыруға мүмкіндік алады. Ұрпақ сабақтастығы үзілмеуі керек. Осы орайда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы да осындай танымдық тақырыптағы кездесулерді облысымыздағы оқу орындарында ұйымдастырып, студент жастармен кездесіп, түрлі шаралар өткізіп отыр,- деді облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшысы Г. Құдайқұлова.IMG_5580
Ал, М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі О. Евдокимованың айтуынша, Қостанай облысы қай-қайсысымыздың болмасын туып-өскен жері, тамырын терең жайған кіші Отаны болып саналады. Сондықтан өскелең ұрпақ өз өлкесінің тарихын білуге, оны мақтаныш тұтуға тиіс.IMG_5550Оның барлығы тарих деректері мен мәліметтерінен, жәдігерлерінен бастау алады. Жастарымыздың бойында өзінің Отанына, өлкесіне, тарихына деген сүйіспеншілік сезімі мен патриотизм болуы керек. Дөңгелек үстелдің де «Тарих бастауы», «Үрейлі күндер.Облыс тарихындағы Ұлы Отан соғысы», «Қостанай облысы: кеше, бүгін, ертең» деп тақырыптарға бөлінуі тегін емес-ті. Осы тақырыптардан-ақ көп нәрсені аңғаруға болады.IMG_5537
Дөңгелек аясында көрме ұйымдастырылды, онда аймақтың тарихынан сыр шертетін түрлі құжаттар, жәдігерлер қойылған сонымен бірге қосымша «Қостанай жерінде» атты тақырыптық кітап көрмесі де болды.IMG_5575
 
Гүлназым САҒИТОВА.
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓