«Еңбек эстафетасын» қамыстылықтар қабылдады

Бүгін Рудный қаласы «Горняк» мәдениет сарайында Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Қостанай облысының 80 жылдығына арналған «Еңбек даңқы» кітабын Қамысты ауданына табыстау эстафетасы болып өтті.
Қостанай облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен жүзеге асып отырған жарқын жобаның басты мақсаты – еселі еңбегімен ел дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлғалар туралы танымдық материалдарды бір жинаққа топтастырып, облыстық мұрағатқа табыстау. ZFV_9743Осы арқылы келешек ұрпаққа ерліктерін аманат ету. Айта кетейік, «Еңбек эстафетасы» ел мақтанышына айналған Социалистік Еңбек Ері Кәмшат Дөненбаева, Тәуелсіз Қазақстанның Еңбек Ері Сайран Бұқановтар шыққан Меңдіқара ауданынан бастау алған болатын. Облысымыздың он ауданын аралаған Тобыл еңбеккерлерінің топтамасын рудныйлықтар 25-қаңтарда Алтынсарин ауданынан қабылдап алды. Кітапқа 8 «Ленин» Сыйлығының иегері, 11 Социалистік Еңбек Ері мен басқа да еңбек адамдары енгізілді.ZFV_9701 Солардың ішінде жарты ғасыр ғұмырын туған комбинаты мен қаласының өркендеп дамуына арнаған еліміздің «Еңбек сіңірген кеншісі» Қасымқайыр Дүйсенбаев та бар.
-Алматы политехникалық институтын 1956 жылы тәмамдаған соң, жолдамамен жаңа салынып жатқан Соколов-Сарыбай тау-кен комбинатына келдім. Ол кезде айналада бірде-бір көзге көрінерлік құрылыс, не ғимарат жоқ еді. Біз осының барлығын өз қолымызбен тұрғыздық. Ешқандай қиындыққа мойымай, күн-түн демей еңбек еттік. Соның арқасында бүгінгі бейбіт күнге жетіп отырмыз. Осыған шүкіршілік жасап, жастарымыз аға ұрпақтың еңбектегі ерлігін қайталай беретіндігіне сенімдімін, – дейді ардагер.
Шара барысында қалалық мұрағат қызметкерлері «Қостанай жерінің қазынасы», «Ер еңбегі – ел есінде» тақырыптарда көрме ұйымдастырса, шығармашыл жастар көрермендердің назарына есте қаларлық мерекелік бағдарлама ұсынды. «ZFV_9723Өзім тұратын қала» атты шағын бейнеролик көрсетіліп, қала әкімінің орынбасары Елена Скаредина, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебек Үкіұлы, облыстық мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Гүлжан Мендекенова мен ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Бибігүл Аққожиналар рудныйлық ардагерлердің қажырлы еңбегі жастарға үлгі болып қала беретіндігін атап өтті. ZFV_9874Жиын соңында «Еңбек даңқы» кітабы салтанатты түрде Қамысты ауданы әкімінің орынбасары Ғазиз Ахметчин мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітбек Есембайға табысталды.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓