Берекеге бастаған мереке

Қазақстан халқының Бірлігі күнін сарыкөлдіктер жоғары деңгейде атап өтті. Орталық алаңға жиналған жұртшылықты, алдымен, аудан әкімі Эльдар Күзенбаев құттықтады.IMG_7064
-Халқымыздың басты байлығы – ынтымақ, бірлік және өзара түсіністік. «Бірлік бар жерде тірлік бар» дейді дана халқымыз. Олай болса, егемен еліміздің одан әрі жайнап, дами түсуіне бірігіп қызмет жасайық,-деді ол өз сөзінде.
Одан әрімен Эльдар Қонысбайұлы «Мерейлі отбасы» дәстүрлі ұлттық байқауының аудандық кезеңі жеңімпаздары – Калашников, Шәріпов және Ткаченколар отбасына мадақтама қағаздары мен бағалы сыйлықтар берді. Сондай-ақ, ҚР Парламентінің мәжіліс және барлық деңгейдегі депутаттарының сайлауына белсенді қатысқандары үшін Қаду Сақауов, Валентина Первухина, Амангелді Жалғасов және Геннадий Соловков сынды азаматтарға ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Алғыс хатын» табыс етті.IMG_7103
IMG_7087
Келесі құттықтау сөзін ауданымыздың бас имамы Дәулетбай қажы Әбдіхалық пен шіркеу протериі Виталия Клеба жалғастырып, жамағатқа жүрекжарды лебіздерін арнады.IMG_7171
Жалпы, Бірлік күніне арналған мерекелік концерттің көркін өңір өнерпаздары қыздырды. Ауылдық мәдени клубтардың әртістері де өз өнерлерін көрсетті. Қысқасы, олар сарыкөлдіктерді бір серпілтіп, мерекелік көңіл күй сыйлау үшін барын салды.IMG_7112Айтпақшы, әр ұлттың асханасы орталық алаңның сәнін, мерекенің мәнін аша түсті. Оларды өңір басшысы бастаған топ аралап, белсенді ұйымдастырушыларға мадақтма қағаздарын ұсынды. IMG_7194Айта кеткен жөн, бұл күні алаңда бас-аяғы он ұлттың асханасы орналастырылып, ұлттық тағамдары мен мәдениеті көрсетілді. Мерейлі мерекеде берекелі дастарханнан дәм татқандар дән ризашылықтарын білдіріп жатты.IMG_7321
 
IMG_7335Сондай-ақ, спорттық ойындар мен сауда саттық та қыза түсті.
 
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓