АЙМАҚТА ҚАНДАЙ ХАБАР БАР?
Сенімсіздік сейілмей тұр
Облыста. Биыл екпеден 264 адам бас тартқан. Мұның негізгі себептері – ішкі сенімсіздік, вакцинадан секемдену, діни көзқарастар. Жыл басынан бері облыста жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмау аурулары бойынша 15208 жағдай тіркелген. Мамандардың айтуынша, 2019-2020 жылдарға бюджет қаражаты есебінен құны 52 млн теңге болатын 60 000 дана тұмауға қарсы вакцина сатып алынды. 30066 адамды вакциналау жұмыс берушілер есебінен қаржыландырылса, өз қаражатымен 626 адам егілген.
Қадағалауды қажет етеді
Қостанай. Биыл сынапты лампаларға арналған контейнерлер қызметіне 15 млн теңге бөлінді. Қауіпті қалдықтарды жинап, оны жоюмен айналысатын мердігер жуырда анықталмақ. Бұған себеп бар. Арнайы жәшіктер толғаннан кейін оны сыртқа шығару мәселеге айналған. Тіпті, контейнерлердің өзі қолды ұрлана бастады. Қаладағы 53 жәшікті қадағалау енді қолға алынатын болды. Бұл мәселені ауылдық жерлерде шешу де қарастылырмақ.
Салық салмағы жеңілдеді
Қостанай ауданы. Өткен жылы қатардағы қазақстандықтар мен кәсіпкерлер үшін салық рақымшылығы енгізіген еді. Борышкерлерден негізгі қазырдарын ғана төлеу талап етілген. Осы жеңілдік арқасында ауданның 204 кәсіпкері мерзімі асқан 270 млн теңге төлеген. Олардың жалпы сомасы 93 млн теңге айыппұлы кешірілді. Облыс бойынша, 74 мың қарапайым тұрғын, 2759 кәсіпкер рақымшылыққа іліккен.
Жедел жәрдем апатқа ұшырады
Сарыкөл. Ааудандық орталық аурухананың қызметтік көлігі жол апатына ұшырады. Оқиға Щербаков ауылы маңында болды. Жедел жәрдем көлігінде 55 жастағы жүргізуші мен 30 жастағы дәрігер болған. Бұл көлікке қарсы жолақтағы КамАЗ-дың тіркемесі соғылған. Дәрігер мен жүргізуші дереу облыстық ауруханаға жеткізілді. Жедел жәрдем көлігінің шопыры ауыр жарақат алған. Ал ақ халатты амбулаториялық ем қабылдайды.
Салық салмағы жеңілдеді
Қостанай ауданы. Өткен жылы қатардағы қазақстандықтар мен кәсіпкерлер үшін салық рақымшылығы енгізіген еді. Борышкерлерден негізгі қазырдарын ғана төлеу талап етілген. Осы жеңілдік арқасында ауданның 204 кәсіпкері мерзімі асқан 270 млн теңге төлеген. Олардың жалпы сомасы 93 млн теңге айыппұлы кешірілді. Облыс бойынша, 74 мың қарапайым тұрғын, 2759 кәсіпкер рақымшылыққа іліккен.
Қар құрсауынан құтқарылды
Амангелді. Ауданнан 30 шақырым жерде, Дәмді ауылының тұсында 5 жүк көлігі мен 21 жеңіл автокөлік тұрып қалған. ТЖД жеке құрамының құтқарушылары оқиға орнына дер кезінде жеткен. Арнайы техникалардың көмегімен аталған көліктер қардан шығарылды. Барлығы 65 адамға көмек көрсетілді.
Бір жемқорға кем
Рудный. Мердігер компанияның диреторына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол пара берді деген күдікке ілікті. Айыпкер Рудный қалалық құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысына қаланы газдандыру жұмыстарына мемлекеттік сатып алу туралы келісім жасау үшін 10,5 млн теңге пара берген. Күдікті кінәсін толық мойындады. Осыған байланысты процессуалдық ұстау шарасы қолданылған жоқ. Соңғы шешімді сот шығарады.
Апаттан опат болды
Қамысты. Жол-көлік оқиғасы Қамысты ауданында болған. Дерек бойынша, Kia Sorento маркалы көлік қатты жылдамдықпен келе жатып, жол шетіне шығып кеткен. Көлік тізгінінде 40 жастағы ресейлік азамат болған. ОлТәжікстаннан келе жатқан. Машинада бес адам болыпты. Ауыр дене жарақатын алған 5 жасар бала ауруханада көз жұмды.