Ардагерлер неге алаңдайды?

  Қала әкімдігінің кіші мәжіліс залында қалалық ардагерлер кеңесінің V пленумы болып өтті. Пленум жұмысына қала әкімінің міндетін атқарушы Е. Теменов, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері, сала басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.
DSCF5516Пленум жұмысы басталмас бұрын қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі, елдің сыйлы ақсақалы болған марқұм Т. Нұрманов бір минуттік үнсіздікпен еске алынды.
 Мұнан соң ардагерлердің қоғамдық жұмысында белсенділік танытқаны үшін Б. Атығаев, В. Сердюк, Р. Бектұрғанов ақсақалдарға ардагерлердің республикалық орталық кеңесінің алғыс хаты тапсырылды.
  Пленумның күн тәртібінде Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған бір ғана мәселе қаралды. Бұл жөнінде қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы К. Ақан баяндама жасады. Баяндамашы өз сөзінде Жеңістің ұлы мерекесіне әзірлік шараларының бәсеңдеу екенін алға тартты.
 Жарыссөзге шыққан ардагерлер К. Ищутин  мен Ж. Өмірбектер көкейлерінде жүрген ұсыныс пікірлерін ортаға салса, МЗТО қалалық бөлімшесі және "Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» басшылары Қ. Нұрманов пен К. Омаровалар халыққа көрсетіліп жатқан қызметтер жөнінде есептерін берді. Жастар бастамалар орталығының басшысы А. Ахметжанов Жеңіс мерекесін лайықты өткізуге қолдау көрсететіндіктерін жеткізді.
 Ерлан Олжабайұлы мінбеге шығып, көтеріліп отырған мәселелердің алдағы уақытта назарда болатынын, соған сай жұмыс істелетіндіктерін мәлімдеді.
  Пленум соңында қаралған мәселелер бойынша қаулы қабылданды.
                                                                                    
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓