Ынтымақ – басты байлығымыз

“1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні” мерекесін аудан тұрғындары Шақшақ Жәнібек атындағы орталық алаңында әндетіп, думандатып қарсы алды.IMG_1690
Аудан әкімі Асқарбек Кенжеғарин орталық алаңға жиналғандарды мерекемен құттықтап, “1 Мамыр – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күткен мейрамы. Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың “Мәңгілік Ел” Ұлттық идеясының негізін құрайтын бірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық болған жерде қашанда іс нәтижелі болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету – әрбір Қазақстан азаматының міндеті. Бейбітшілік пен тұрақтылық – жалпы халықтық игілік, оны күнбе-күнгі еңбегімізбен нығайтып, қорғауымыз қажет”, – деді.IMG_1673Сонымен қатар “Аналар кеңесі” мұрындық болған “Мейірім” акциясы шеңберінде орталық алаңда қолөнер шеберлерінің арнайы көрмесі ұйымдастырылды. IMG_1694Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінің әншілері және Б.Хамзин атындағы өнер мектебінің оқушылары өзге ұлт өкілдерінің әндерін шырқап, билерін биледі.
Айтулы мерекеден тамаша әсер алған аудан жұртшылығы жақсы көңіл-күймен тарқасып жатты.
 
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ,
Жанкелдин ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓