«Сыбағасын» алды
«Сыбаға» бағдарламасынан пайызы төмен несие алып, кәсібін дөңгелетіп отырған қарасулық шаруалардың қатары көбейіп келеді.
Мәселен, былтыр бағдарлама аясында аудандағы 6 шаруа қожалығы мен 2 жеке кәсіпкерге несие берілді. Олар бұл қаржыға 220 сиыр, 13 бұқа сатып алды. Биыл аталған бағдарлама арқалы мал шаруашылығын өркендетуді қолға алған – «Абдрахманова А.Б.» шаруа қожалығы 12 676 800 теңге несие алып, оған 65 аналық сиыр, 4 бұқа сатып алды. Сондай-ақ «Восток-ТБК» ЖШС де 4 290 450 теңге несиеге қол жеткізді.