Құрбаны – күйеу баласы
16+
Қостанайда бокстан әлем чемпионы атанған Аслан Мұқанов кісі өлтірді деген күдікпен ұсталған болатын. Кейін белгілі болғандай, көз жұмған –күдіктінің күйеу баласы екен. Боксшының анасы болған оқиғаны айтып берді, деп хабарлайды Neonomad.kz.
Боксшының анасының сөзінше, қайтыс болған күйеубаласы жақсы адам еді, тек ұлы діни теріс жолға түсіп кеткен.
«Сека (күйеу баласы) қызымды алақанына салып ұстады. Отбасымыз тату-тәтті болатын. Арамызда ешқандай кілтипан болған емес. Екеуі ағалы-інілі секілді болып кеткен. Күйеубаламның өз кәсібі болды. Тіпті, Колумбияда жүрген қайынағасына (боксшыға) ақшалай да көмектескен. Бірақ онысын ешкімге тіс жарып айтқан емес», – дейді анасы Зәуре Төлеубайқызы.
Спортшы күйеу баласын өзінің қарындасының көзінше өлтіріпті. Марқұмның әйелі Ақжанның айтуынша, ағасы үйге таңертең келген. Ол жуынып-шайынып, таза киімін киіп, күйеубаласы ұйықтап жатқан бөлмеге кірген. Жонына пышақ салып, «Аллаһу Акбар» деп айт деген. Құлағына: «Сонда ана дүниеде жақсы болады» деп сыбырлапты. Одан соң қайта жуынып, үйден шығып кеткен.
«Әрине, кім баласын жамандыққа қияды. Оған біреулер әсер етті. Осыншалықты өзгеріп кеткенін білгенде қол-аяғын байлап ұстаушы едім, қайдан білейін», – деп жылайды ана.
Шетелге барып-келген спортшы қатты өзгереді. Анасының сөзінше, ол бір сөзінде «Күйеубалаңыз намаз оқыса, көрген күні бұдан да жақсы болар еді«, – депті.
Ананың айтуынша, баласы шетелге барып-келгелі өзгерген. Бір сөзінде баласы күйеубалаңыз намаз оқыса, көрген күні бұдан да жақсы болар еді деп айтыпты.
Белгілі болғандай, спортшы бокстасамын деп Колумбияға кетеді. Бірақ қаражаты көтермеген соң, венесуэлалық босқындармен тұруға мәжбүр болған. Сөйтсе олардың арасында теріс ағымды қолдаған ливандықтар көп екен. Қолындағы телефонында сатқан. Бірақ ақшасы қалмаған ол 26 маусымда Қазақстанға қайтқан.
«Ол күлмейтін болыпты. Сөйлессін деп қолына телефон бергенбіз. Соған кіріп кететін. Ешкіммен сөйлескісі жоқ болатын. Бір күні үш минуттан соң жарық өшеді деді. Расында солай болды. Мүмкін бұл сәйкестік шығар, бірақ ол одан бір нышан іздеді. Сөйтіп өзі бет бұрған дініне тіптен тереңдей түсті. Үйден таңертең кетіп қалатын, кешке келетін. Білмейміз қайда баратынын. Біз депрессияда жүр деп ойладық. Демалсын, уақыт емдейді дедік. Арты бұлай боларын қайдан білейік», – деді қайғы жұтқан ана.
Еске сала кетсек, 11 шілдеде Қостанай облысы Ақсай ауылында ауыр қылмыс жасалғанын біз жазған болатынбыз. Онда 31 жастағы ер адам туысқанын пышақтап өлтіргені белгілі болды. Кейін мәлім болғандай, күдікті бокстан әлем чемпионы Аслан Мұқанов болып шықты.