Соғыс ардагерлері 150 мың теңгеден сыйақы алды

ҚазАқпарат – Қостанай облысының әкімі Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне Жеңіс күніне орай 150 мың теңгеден сыйақы беру шарасын ұйымдастырды.20160429053609
Қостанай қаласы әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Сағындық Омаровтың айтуынша, ақша облыстық бюджеттен бөлінді. Бұдан бөлек жергілікті билік соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне теңестірілген жандарға және тыл еңбеккерлеріне 5 АЕК (10 мың теңгеден астам) көлемінде ақша бөлді. Осылардың барлығына облыс бюджетінен 50 млн. теңге жұмсалды.
Қостанайда 99 соғыс ардагері мен 3 мыңнан астам соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне теңестірілген жан бар. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓