Өзгерістер ойымнан шықты
Әдетте, зейнет жасындағы журналистер қолға қалам алып, мәселе көтере бермейді, сабыр сақтайды. Шүкір Аллаға, жас журналистер легі күннен күнге өсіп келеді. Көтерілетін мәселелер, тақырыптар да, газетті көркемдеу, құл-пырту мәселелері де шешілуде. Аталмыш газеттің сонау 90-шы жылдарғы меншікті тілшісі ретінде, соңғы кездегі "Қостанай таңының" мәні мен мазмұны, көркемдігі, дизайны өзгеріп, көптеген өзекті мәселелерді көтеріп, өмір ағымына сай қызмет етіп жүргені қуантады. Өз басым бұл өзгеріске толықтай ризамын. Газет жанашыры ретінде өзім де екінші жарты жылдыққа осы үнқағазды үйіме жаздыртып аламын және өз замандастарымның, әріптестерімнің арасында осы бағытта үгіт-насихат жүргіземін.
Тіпті, ертеректе Жітіқара өңірі бойынша меншікті тілші болғаныма байланысты сол аймақтарға сапар шегіп, өзіміздің облыстық газетімізге жазылуға үгіттеп, насихаттауға дайынмын. Шынында да, мәні мен мазмұны, сәні мен сапасы заман талабына сай өзгерген "Қостанай таңы" газетін жаздырып алу, "мен – қазақпын" деген, өз елін, өзі мекен еткен өлкесін сүюмен шектес. Бұл менің жанашырлық лебізім.
Ғайнижамал
Сайманқызы.