Халықаралық фестиваль-конкурсының Гран-при иегері атанды

Жангелдин ауданы Б.Хамзин атындағы өнер мектебінің оқушысы Алтынай Жаңабай Ресейдің Челябі қаласында өткен “Хрустальная капель” халықаралық фестиваль-конкурсында Ш.Қалдаяқовтың “Отырардағы той”, С.Бәйтерековтың “Күнге табыну” әндерін орындап, Гран – при иегері атанды.Алтынай челябі сахнасында
-Алтынай үш жасынан ән айтуға бейім болатын. Оңашада ыңылдап өлең айтып, балалардан оқшалау ойнайтын. Көрші маңайдан музыканын дауысын естісе, сол жаққа елеңдеп, сол жерге баруға асығып, құрақ ұшып тұратын. Балабақшаға алғаш барғанда кішкентай бүлдіршіндер арасындағы сайыстарға қатысып, жеңімпаз атанғандағы мақтау қағазын көрсетіп, қатты қуанғаны әлі күнге көз алдымда. Сонда маған анашым мен өскенде әнші боламын деп айтқан сөзін қызым бүгінгі күні дәлелдеді. СуреттеАлтынай Жаңабай марапатталу сәтіАрманы алдамапты. Қазір мектеп қабырғасында оқып жүр. Облыстық, республикалық, халықаралық байқауларда өнер көрсетіп, жеңімпаз атанып жүр. Тіл-көзім тасқа қызымның болашағынан зор үміт күтемін. Алтынаймының осындай дәрежеге жетуіне септігін тигізген өнер мектебінің ұжымына, соның ішінде ұстазы Бибігүл Сұлтановаға алғысым шексіз, – деп анасы Гүлжанат Мұратқызы ағынан жарылды.
Алтынай Ерікқызы осы фестивальдан алған әсерімен бөлісті. Өзіне жақын құрбы да тауып алыпты. Оның есімі – Диана Ғалымова. Аталмыш конкурстың “Көркем шеберлігі” бөлімі бойынша Қостанай қаласынан келген екен. Алтынай Алла бұйыртса әлі талай биік белестерді бағындыруға да талпынады. Әрине, біз оған тілекшіміз.Изображение 028 Бұған дейін де Алтынайдың жеткен жетістіктері өте көп. Айтпақшы, Челябі қаласындағы өнер жанашырлары Алтынайдың ата-анасына, өнер мектебінің мұғалімі Мәдина Оразалинаға, үнемі көмек қолын созып, демеушілік жасап жүрген “Жастар ресурстар орталығының” бөлім басшысы Айбек Мұхатовқа ризашылық сезімдерін жолдап, “Synerdy” ғылыми-білім беру орталығының арнайы алғыстарымен марапаттапты.
Біз де Алтынайдың жеткен жетістігіне ортақтасып, өнер жолындағы шығармашылығына тілектестігімізді білдіреміз. Бағы жанып, шоқтығы биік жұлдызды әншілердің қатарынан көрінетініне сеніміміз мол.
 
 Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ
Жанкелдин ауданы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓