Цифрлы ХҚКО ашылды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қостанай қаласында халыққа қызмет көрсететін цифрлы орталықты ашты. Бұл – республикадағы төртінші цифрлық ХҚКО. Бүгінде осындай орталықтар Астана, Алматы, Шымкент қалаларында қызмет көрсетіп отыр. Бұл жерде азаматтар мемлекеттік қызметтерді өздігінше, оператордың көмегінсіз ала алады. Сондай-ақ, мұнда цифрлық сауаттылықты арттыруға арналған оқу бөлмесі жабдықталған.photo_2018-09-24_13-42-04.jpg__1920x1080_q85_crop_subsampling-2
– «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында азаматтарға мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алуды үйретуіміз керек. Бұл үшін осындай орталықтарды барлық облыс орталықтарынан ашу жоспарланған. Қазіргі уақытта халыққа қызмет көрсететін цифрлық орталықтар үш қалада ғана бар. Ал Қостанай қаласы үш мегаполистен кейін цифрлық ХҚО ашылған алғашқы облыс орталығы болды, – дейді «Азаматтарға арналған үкіметтің» Қостанай облысы бойынша филиал директорының орынбасары Азамат Имамбеков. 20180924143208
Цифрлы ХҚО Тәуелсіздік көшесі, 46 мекенжайында («Метрополь» мейрамханасының бұрынғы ғимараты), бірінші қабатта орналасқан. Ал ғимараттың екінші қабатына Қостанай қаласының №1 ХҚКО-сы көшті. Бұған дейін бөлімше Тәуелсіздік, 114 мекенжайында орналасқан болатын. Жалпы, азаматтар осы бөлімдегі жағдайды жақсартуды талап етіп, жиі шағымданатын еді. Осы ескертулер есепке алынып, №1 бөлімше заманға сай ғимартқа көшірілді. Операторла рқызмет көрсететін 21 жұмыс үстелімен жабдықталды. Сондай-ақ, Қостанай қаласының әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімдері де осы ғимаратта қызмет ұсынып, жұмыс істейді.
 
Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓