Антология жарық көрді

Құрастырушы Әбутәліп Әмір кітаптағы алғы сөзінде: «Ел мен жердің тағдырына, оның өркендеуі мен өсуіне, тарихи дамуына оң ықпал жасаған қазақ зиялыларының Торғай мен Қостанай өңіріне тиесілі еншісінің өлшеусіз мол екеніне ешкім шек келтірмесе керек. Қазаққа Шоқан мен Ыбырайды, Ахмет пен Міржақыпты берген қасиетті өлке олардан кейін де әдебиет пен мәдениет, ғылым мен өнер саласында небір саңлақтарды туғызды…» деп бастап, Торғай мен Тобыл атырабының тек қана әдебиеттегі өкілдерінің шығармаларын түгендеп шығудың өзі аз жүк болмағандығын айта келіп, тек қазіргі таңда Торғай мен Қостанайды мекен етіп отырған авторлардың еңбегін кітапқа енгізгендігін және олардың өзі ұсынғандығын баяндайды.
Кітап барлық әдебиет сүйер оқырман қауымға арналған. Құрастырушы бұл еңбегін Қостанай облысының 80 жылдық торқалы тойына және Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арнайы арнапты.
Нұрболат МЕШІТБАЕВ