Әлем әдебиетіндегі ең үздік қысқа әңгімелер

Бір күні  Хемингуэй кез келген оқырманға әсер ететін небәрі  4 сөзден тұратын әңгіме жаза алатыны туралы бәстеседі. Ақыры жазушы жеңіп шығады:  «Балалар бәтіңкесі сатылады. Киілмеген» («For sale: baby shoes, never used»).
***
Фредерик Браун  бұрын-соңды жазбаған  ең қысқа  қорқынышты әңгіме жазады: « Бөлмеде жердегі ең соңғы адам отырды. Біреу есік қақты..»
***
Американ жазушысы О. Генри жанр­ға тән элементтері —  басы, шарықтау шегі, соңы  сақталған қысқа әңгіме байқауын жеңіп алады. Онда: «Шофер  темекі тартты, ол қанша қалды екен деп бензобакқа еңкейді. Марқұм небәрі жиырма үште еді.»
***
Мен тұла бойым  қатты аурырғасын оянып кеттім. Көзімді ашып қарасам, төсегімнің қасында медбике тұр екен…
— Мистер Фуджима, — деді ол, — Сіздің бақытыңызға орай  осыдан екі күн бұрын Хиросиманы бомбалаудан кейін тірі қалдыңыз. Қазір сіз госпитальдасыз, қорқатын ештеңе жоқ.
Дәрменім құрып тұрса да сұрадым:
— Қайдамын?
— Нагасакиде, — деді ол. (Алан Е. Майер «Қырсық»).
***
Ағылшындар да ең қысқа әңгімеге байқау жариялайды. Шарт бойынша онда: патшайым, Құдай, секс, құпия дегендер ескерілуі керек. Бірінші жүлдені мына  мәтінді жолдаған автор жеңіп алады:
«О, Құдайым, —  деді тебірене патшайым, — менің аяғым ауыр және  оның кімнен екенін  де білмеймін!»
***
Ақыры  бір қиырдағы шағын деревняға келуімен оның іздеген сапары  аяқталды.   Ағаш лашықтағы оттың қасында бір кейуана Шындық отыр. Мұндай арық әрі сұрықсыз әйелді бірінші көруі болатын. 
— Сіз — Шындықсыз  ба?
Кәрі мыж-мыж  тыржиған түрімен  басын изеді.
— Айтыңызшы, жер жүзіне не деп хабар айтайын?
Кемпір отқа бір түкірді де,былай деді:
— Оларға мені жас әрі сұлу деп айт! (Роберт Томпкинс «Шындықты іздеу жолында»)
***
Виктор Гюго  «Тұл болғандар» романының қолжазбасын баспаға мынандай хатпен жазып жібереді:
«?»
Жауабы да сауалына сай:
«!»
***
Ең қысқа өмірбаян байқауында бір орта жастағы француз әйелі жеңіп алады. Сонда жазғаны:
«Бұрын менің бетім жылтыр, юбкам мыж-мыж болатын. Ал қазір бәрі  керісінше.»
***
Ғашықтар бос жағажайда серуендеп келе жатып Аладдинның сиқырлы шамын тауып алады.
— Мені еркіме жібергендерің үшін сендердің әрқайсыңның тілектеріңді орындаймын, — деді Жын. Жігіттің жүзіне қарап қыз былай дейді:
— Ақырзаман орнағанша біз бір-бірімізді сүйіп өтуді қалаймын.
Жігіт теңізге қарап тұрып:
— Сол ақырзаман дәл қазір орнаса деп тілеймін, — депті.
***
     Телефон қоңыраулады.
— Алло, — деді қыз ақырын ғана.
— Виктория, бұл менмін.Түн жарымында теңіз айлағында кездесейік.
— Жарайды, қымбаттым.
— Өтінемін, бір бөтелке аққайнарды ала келуді ұмытпағын, — деді ол.
— Ұмытпаймын, қымбаттым. Бүгін түнде сенімен бірге боламын.
— Жылдам келетін бол, мен күте алмаймын, — деді де телефонның тұтқасын қоя салды арғы жақтан. Қыз демін алып барып күлімсіреп қоя берді.
— Қызық , бұл кім болды екен?
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓