Мақсат – оңалту жұмыстарын жақсарту

Бүгінгі таңда жалпы азаматтық қоғам институттары елімізде соның ішінде біздің облысымызда да нәтижелі жұмыс істеп келеді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарымен салыстырѓанда олар сан жағынан да, сапа жағынан да едәуір өсті. Мәселен, облысымызда 1995 жылы алты үкіметтік емес ұйым болса, қазіргі кезде олардың саны жеті жүзден асып отыр. Бұл ұйымдардың айналысатын мәселелерінің ауқымы да кең.
sl041
Атап айтсақ, үкіметтік емес ұйымдардың бірі мүмкіндігі шектеулі жандардың мұңын мұңдаса, екіншісі зейнеткерлер мен тұтынушылардың жоғын жоқтайды, ал, енді бірі салауатты өмір салтын, спортты дамытуды насихаттау, жастар саясаты, адамның құқығын қорғау, білім, қоршаған ортаны қорғау саласындағы мәселелерімен айналысады. Билік пен халық арасындағы байланыс қызметін де атқарып, көпшіліктің талап-тілектерін жоғарыға жеткізіп те отыр. Әрқайсысының атқаратын жұмысы қоғам өмірінде маңызы зор десек артық айтқандығымыз емес. Міне, осы орайда мысал ретінде облысымыздағы "Перекресток" қоғамдық қорының жүзеге асыратын "Новый горизонт" атты жаңа жобасын айтуға болады. Жобаға байланысты қорда дөңгелек үстел де өтті.
– Бұл жобаның басты мақсаты – тиімді жұмыстарды ұйымдастыра отырып, Қостанай облысындағы "Хатико" мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оңалту орталығы арқылы денсаулығында кемістігі баржандар үшін баламалы сервис түрлерін дамыту. Әрине, қандай да жұмыс атқармайық, шара ұйымдастырмайық, қаржыға тірелетініміз сөзсіз, сондықтан да Сорос-Қазақстан қорының қаржылай қолдауына ие болып, осы жобаныжүзеге асыруға ұмтылып отырмыз. Жоба аясында баламалы қызметтер ұсыныстары бағаланғаннан кейін денсаулығында кемістігі бар жандар үшін бес күндік екі жазғы мектеп ұйымдастырмақпыз. Мектепке психологтар, әлеуметтік және медициналық қызметкерлер сол секілді денсаулығында кемістігі бар жандармен қатар олардың ата-аналары, қамқоршылары қатысады. Жазғы мектептің қорытындысы бойынша осы санатқа жататын жандарға арналып әдістеме жинағы шығарылады. Сауалнама да жүргізілді. Облысымыздағы барлық оңалту орталығы тиісті емдеу қүрал-жабдықтарымен жабдықталған. Емделушілер тиісті медициналық, физиологиялық емдеу, уқалау алады. Кейбір өзекті мәселелер де бар. Мысалы, оңалту орталықтарында негізінен 50-60 жастағылар ем-дом алады.
Жастарға арналған оңалту бағдарламалары, облыста денсаулығының кемістігі бар жандарға арналған оңалту орталықтары жоқ. Үшінші топтағы мүгедектер оңалтудан өтпейді. Денсаулығының кемістігі бар балаларға арналған баламалы оңалтудың түрі жоқ. Сол себепті де мумкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік, психологиялық тұрғыдан оңалтуды ұйымдастыру керек. Оңалтудың жаңа баламалы формаларын әзірлегеніміз жөн, -деді өз сөзінде "Перекресток" қоғамдық қорының төрағасы А. Куликов.
Деңгелек үстел аясында жиналғандарға қордың мүшелері Е.Панчук, А.Круталевич жоба, "Хатико" оңалту орталығы туралы толығырақ мәлімет беріп, таныстырып өтті. Олардың айтуы бойынша, мүмкіндігі шектеулі, денсаулығында кемістігі бар жандар үшін ең алдымен адамдармен өзара байланыста болу, араласу – өмірге деген қызығушылығы, ынтасы артады екен. Әсіресе осы жандарға "Хатикода" (орталық еліміздегі Жапон елшілігінің қаржылай қолдауымен салынды) әдеттегідей бейімдеу орталығындағыдай ем-дом жасалып, я болмаса дәрі-дәрімек егу емес, олардың орнына түрлі арт-терапия қолданылады. Мысалы, ертегі көріністерін қою, көріністерге мүмкіндігі шектеулі, денсаулығында кемістігі бар жандар қатыстыру, альпинизм мен туристік терапия, орман ішін аралау, медитация жасау қолға алынған.
– Шынын айтсақ, мүмкіндігі шектеулі, денсаулығында кемістігі бар жандар орталықта бірінші рет болып отыр. Және де кәдуілгі бейімдеу орталықтағыдай оларға ешқандай дәрі-дәрімек, емдеу шаралары жасалған жоқ. Қайта түрлі баламалы-арт-терапия жасалды. Бұл жандар өз қолдарымен палатканы қалай құру, арқан жіптермен түйіндерді қалай түюді, жаяу жүруді, алау жағуды үйренді, – деді А.Круталевич «Новый горизонт» жобасымен таныстыра отырып.
Сонымен бірге дөңгелек үстел барысында Сорос-Қазақстан қоры бағдарламасының директоры А.Айдаркұлова да сөз сөйледі. Оның айтуынша, қазіргі кезде үкіметтік емес секторға мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп, қаржы бөлініп отыратындығын және де үкіметтік емес ұйымдардың өзіндік даму бағыты, ұстанған мақсаты бар, ел өміріндегі біршама мәселелердің шешілуіне ұйытқы болуда.
 
Гүлназым САҒИТОВА

 

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓