«Нұр Отан» партиясының қатары толықты

Облыс әкімі, «Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалының төрағасы Нұралы Садуақасов бүгін партия қатарына өткен бір топ  азаматтарға куәліктер табыс етті.
IMG_6971сайтка
Еліміздің бас партиясының қатарына жаңадан қабылданған жандардың арасында  І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының әртістері Қонысбек Бекайдаров, Әлімхан Мырзахан, қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Максим Гербер, Лисаков қалалық әділет басқармасының жетекшісі Бауыржан Ысмағұлов және т.б. бар.
Өңір басшысы партияның жаңа мүшелеріне «Нұр Отан» партиясының куәліктерін тапсыру барысында салтанатты рәсімге жиналғандарды алдағы мерекемен  құттықтады. Бұл шара Астананың туған күніне орайластырылды.
 
Әлібек Ыбырай
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓