Алтынмен ұсталды
"Обаған-авто" шекара бекетінде "Лексус 470" автокөлігімен Ресейге өтіп бара жатқан 49 жасар ҚР азаматы Александр күдікті ретінде ұсталды.
Тексеру кезінде көліктің жүксалғыш бөлігіндегі сөмкенің ішінен скотчпен қапталған орама табылды. Оның ішінде 300 грамм алтын рудасы болған.
Фильтрациялық шаралар барысында бұл сөмке 50 жастағы ресейлік азамат Владиславқа тиесілі екені анықталды. Оған СҚО азаматтық сот өндірісі бойынша ҚР аумағынан шығуға тыйым салынған. Материалдар Ұзынкөл ауданының ІІБ-не жолданды.