Мас адамды ажалдан құтқарды

Күні кеше түнгі сағат 2 шамасында Тоғызақ өзеніне батып бара жатқан азаматты шекарашылар аман алып қалды. Олар әдеткі кезекшілік кезінде түн ішінде әлдебір еркектің даусын естіп, "Тоқта, кім келе жатыр?!" бұйырады. Сол-ақ екен, тыныштықты бұзушы: "Менің өмір сүргім келмейді",-деп айқайлап барып, өзенге күмп берген.су "Өрнек" жеке құрамының мүшелері жалма-жан көмекке ұмтылады. Кейін белгілі болғандай, жанынан күдер үзбекші болған азамат мұндай қадамға ішімдікке сылқия тойып алғандықтан барған. 57 жастағы Қарабалық ауданының Приречный елді мекенінде тұратын Анатолий есімді азамат екені де мәлім болды. Денсаулығына залал тигізіп үлгергендіктен, оған дереу медициналық көмек қажет болып, Приречный ауылының ауруханасына жеткізілді. Суицидтің нақты себептерін анықтау ісімен жергілікті құқыққорғау органының қызметкерлері айналысуда.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓