70 адам құтқарылды
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін Франко көшесінің бойындағы үйде болған.
«9 қабатты үйдің кіреберісінде тұрған диван өртенген. Өрт 3 шаршы метр аумақты шарпыды. Үй тұрғындары автосаты арқылы төменге түсірілді. Барлығы 70 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 20 бала бар», – деді ведомствоның баспасөз хатшысы Уәлихан Досанов.
Өрт барысында зардап шеккендер жоқ. Осы дерек бойынша сараптама жұмыстары жүргізілуде, өрттің нақты себептері анықталып жатыр.