Жаңа жоба өңір әлеуетін арттыруға серпін бермек

Бүгін еуропалық қайта құру және даму банкі Қостанай қаласында өзінің жаңа аймақтық кеңсесін ашты. Ресми шараға аталмыш банктің Қазақстандағы өкілдігінің директоры Джанет Хэкман мен облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Мейрам Сөкітбаев қатысты.DSC_0101Еуропалық қайта құру және даму банкі 1991 жылы тәуелсіздік алып жатқан елдерге нарықтық экономикадан өтуге қолдау көрсету мақсатында құрылған болатын. Ал, 1993 жылы Қазақстанда банктің арнайы өкілдігі ашылса, бүгінде еліміздің сегіз өңірінде кеңселері жұмыс істеуде. Қазіргі таңда 25 жылдық тарихы бар бұл банк біздің еліміздегі ірі инвесторлардың бірі саналады. Банк өкілдерінің айтуынша, осы уақытқа дейін ЕҚДБ Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларына 6,5 млрд. еуро көлемінде инвестиция құйған. Ал, биыл ел экономикасына 700 млн. еуро инвестициялауды жоспарлап отырған көрінеді. DSC_0098-Біздің банктің кеңсесі Қостанай облысында 2004 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде біз көптеген маңызды жобаларды іске асырдық. Шағын және орта бизнесті дамыту банк жұмысындағы басым бағыттардың бірі. Тікелей және әріптес банктер арқылы қаржыландырумен айналысып, кәсіпорындарға дамуға қажетті ноу-хау береміз. Кәсіпорындарға ноу-хау алуға мүмкіндік бере отырып, оларды бәсекеге қабілетті болуға үйретеміз. Біз Тобыл өңірінің әлеуетіне сенеміз, сондықтан да биыл жобалардың санын арттыруды жоспарлап отырмыз, – дейді ЕҚДБ Қазақстандағы өкілдігінің директоры Джанет Хэкман.DSC_0078Банктің Қостанайдағы кеңсесі Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарын қамтиды. Бүгінде кеңсе мамандары жергілікті консалтинг нарығын дамытып, шағын және орта бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда. 
-Біздің басты мақсатымыз – орта және шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсету. Себебі, кәсіпкер өзінің саласын жақсы білуі мүмкін, бірақ ол сату, маркетинг, интернет маркетингі сияқты заманауи құрылғыларды, технологияларды, белгілі-бір менеджменттік істерді білмеуі мүмкін. Сондықтан біздің кеңесшілер осы мақсатта кәсіпкерлерге көмектеседі. Мәселен, кәсіпкерлер кеңесшілердің қызметінің құнының 75 пайызын өтейтін грант ала алады. Бір кәсіпорынға берілетін грант сомасы 10 мың еуродан аспайды. Жалпы, Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша 240 кәсіпорынмен 261 жоба жасалды. Алдағы уақыттарда осы жобалардың санын әлі де арттырмақ ниеттеміз, – дейді ЕҚДБ-нің Қазақстандағы өкілдігінің маманы Бақытжан Мұхамедияұлы.
Қазіргі таңда банк өкілдері Қостанай қаласының орталық су және жылу жабдықтау жүйелерін жаңғырту бойынша жергілікті билікпен екі маңызды жобаға қол қоюға дайындық жұмыстарын жүргізіп жатқан көрінеді. Жоба бойынша қарастырылған инвестициялар кәсіпорындарға тозған жылу және су жүйелерін жөндеп, жаңғыртуға, заманауи құрылғылар сатып алып, орнатуға мүмкіндік бермек. Сондай-ақ, инвестициялар санитарлық-экологиялық стандарттарды және халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға да септігін тигізбек. 
 
Қарлығаш ОСПАНОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓