ҚР ауылшаруашылық министрі А.Мамытбеков Қостанайға жұмыс сапарымен келіп кетті

          Қостанайда «Агробизнес-2020» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде ауылшаруашылық өнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдау мәселелері жөнінде кеңес өтті. Оның жұмысына ҚР ауылшаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков қатысты.IMG_4135
         Алқалы жиын алдында  жергілікті ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің көрмесі болды.  Көрмеге ет және сүт, шұжық,  жұмыртқа, ұн, макарон өнімдері қойылды. Тобыл төсінде өнген тауарлардың сапасы жоғары әрі бағасы анағұрлым арзан. Шетел өнімдерінен бір мысқал кем түспейді. Көрмені асықпай аралап шыққан Асылжан Мамытбеков мемлекеттің ауылшаруашылық саласын дамытуға айрықша ден қойып отырғанынын айтты.IMG_4066
        Жалпы, ауылшаруашылық кешенін индустриаландыру жылдарында облыс  162 инвестициялық жобаны жүзеге асырған. Бұған барлығы 67 млрд.теңге жұмсалып, 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылыпты. Соның арқасында өнім өңдеу сияқты тиімді бағыттарға нақты көңіл бөлініп, тауар өндіру көлемі артты.IMG_4004
        Саланың экспорттық әлеуеті  сақталып қалды. Сыртқы және ішкі саудада өнімдердің бәсекелестігі ұлғайды. Мұның бәрі мемлекет қолдауының арқасында қол жеткен көрсеткіш екендігі белгілі.
       Кейінгі кезде агроөнеркәсіп кешеніне қомақты қаржы бөлініп жүр. Мәселен, тек қана 2013-2015 жылдар аралығында салаға мемлекет тарапынан  шамамен 91 млрд.теңге инвестиция тартылған. Оның 52 млрд.теңгесі немесе жалпы соманың 57%-і қайтарымсыз ақша.IMG_3982
       
IMG_4027
IMG_4047Асылжан Мамытбековты Тобыл өңіріндегі көктемгі дала жұмыстарына әзірлік барысы қызықтырды. Ол агроөнеркәсіп кешеніне тартылған бірқатар инвестициялық жобалардың ахуалы жайлы да сұрап білді. Мәселен, Комсомол құс фабрикасын сауықтыру мәселесіне тереңірек үңілді. Астаналық қонақ сондай-ақ, Наурызым ауданында зығыр майын өндіретін зауыт жөнінде біраз мағлұмат алды. Бұл туралы толық ақпаратты газетіміздің алдағы сандарының бірінен оқи аласыздар.
 
Айбек КӘДІРҰЛЫ.
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓