Көрген көзде жазық жоқ
Қостанайдағы Гоголь мен Чехов көшелерінің қиылысындағы жарнама бильбордынан осындай сөзге тап боласыз. Негізінен жарнама тақтасы құрылыс фирмасына арналған екен. Бірақ ондағы «үлдірленген еден» деген сөзге қарап, «үлбіреген еден шығар» деп қалуыңыз мүмкін. Ағаш, бетон, кафель, мәрмәр едендер көріп жүрміз ғой. Енді бұдан былай жұмсақ, үлбіреп тұрған, жібектей едендермен жүретін шығармыз. Оның «жұмсақтығын» табанымыз сол еденді басқаннан кейін ғана сезінер.