Галстуксыз кездесу

  Облыс орталығындағы балалар шығармашылығы үйінде  9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне байланысты облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтың қатысуымен кездесу болып өтті. Кездесуге өңіріміздің жоғары, орта буын оқу орындарының студент жастары, «Адал ұрпақ» ерікті-паритоттық клубтарының, «ГрИн» азаматтық Альянсының өкілдері, жас мемлекеттік қызметшілері, балалар мен жастар ұйымдары қауымдастығының волонтерлері, жастар ресурстық орталығы және мәслихатының мамандары, «Жас Атамекен» жас кәсіпкерлер клубының мүшелері қатысты.IMG_1721
       Тағылымды, мазмұнды кездесу ресмиліктен тыс,  «галстуксіз кездесу» форматында болды. Әңгіме тақырыбы еліміздің келешегі жастар бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, ұрпақ сабақтастығы қағидатын жалғастыру бағытында өтті.  Кездесуді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Б.Бекжанов жүргізіп отырды.IMG_1745
   Департамант басшысы Б.Бекжановтың айтуынша, халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні 2004 жылдан бері аталып өтеді. 2003 жылғы 9 желтоқсанында Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясы жемқорлыққа қарсы конвенция қабылдады. Осы конвенцияға Қазақстан да қосылды. Сол секілді еліміз ТМД елдерінің арасында бірінші болып сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң қабылданғанын жеткізді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ісінде айқын оң үрдістер байқалып, жұмыстар атқарылуда.IMG_1715
   Жиналған жастар алдында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебек Укин, мәслихат депутаты Гүлмира Қапенова, мәдениет басқармасының жетекшісі Ерлан Қалмақов сөз сөйлеп, өздерінің ойларын, пікірлерін айтып, өмір жолдарынан сыр шертіп,  іс-тәжірбиелерімен бөлісті.
– Мемлекеттік қызметшінің басты міндеті, ең алдымен, алдыңа келген адамның сөзін бөлмей, мұқият тыңдау. Себебі облыс басшысы болған соң, қабылдау өткіземіз. Қабылдауға облыс тұрғындары түрлі сұрақтарымен, өтініштерімен келеді. Көп жағдайда  сұрақтар әлеуметтік салаға қатысты болады.  Қашанда сұрақтарға  байыпты, нақты, дұрыс жауап берген жөн, – деді аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов. IMG_1710
   Кездесу барысында мемлекеттік қызметші ардагері Кенжебек Укин өзінің өмір жолы екіге бөлінетіндігін, біріншісі –ол кеңестік дәуір, екіншісі – бүгінгі тәуелсіз Қазақстан екендігін жеткізді. Кеңес дәуірінде мемлекеттік қызметшінің лауазымдық жағынан өсуіне  атқару органдары мен коммунистік партия  жағынан көп мән берілетіндігін, насихаттық жұмыс жан-жақты жүргізілетіндігін, кадр таңдауға назар аударылатындығын айтып өтті. Ал, облыстық мәслихат депутаты Г.Қапенова өз сөзінде, жас мемлекеттік қызметші болсын,  ертеңгі маман-бүгінгі студент жастар болсын, ең алдымен, білімін жан-жақты жетілдіріп, өз мамандығын жақсы көріп, өзінің атқаратын жұмысына жауапкершілікпен қарау қажеттігін жеткізді.  Облыстық мәдениет басқармасының жетекшісі Ерлан Қалмақов  болса  мансаптық жоғарылау жолында қатардағы маман болып жұмыс істеп, бүгінгі лауазымға көтерілгенін, еңбек жолында жақсы тәлімгер жандар кездескендігін жеткізді.IMG_1732
 
IMG_1731Жиналғандар емін-еркін әңгімелесіп, спикерлерге өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. 
 
Гүлназым САҒИТОВА
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓