Ақылбек Шаяхметтің бірнеше кітабы жарық көрді

Белгілі ақын, жазушы, драматург, көсемсөзші-журналист Ақылбек Шаяхметтің бірнеше кітабы жарық көрді. 
Ақылбек Қожаұлы Шаяхмет 1951 жылы 17 маусымда Қостанай облысының Жітіқара ауданында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін, Мәскеу қаласындағы Әдебиет институтын бітірген. akylbekОл – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, әлем халықтары жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚМУ профессоры, халықаралық шығармашылық Академиясының корреспондент-мүшесі, ҚР мәдениет қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисі.
Алматы қаласындағы «Дәстүр» баспасынан жарық көрген А.Шаяхметтің «Сөз» атты жаңа өлеңдер жинағына әр жылдары жазған өлеңдері енгізілді. Олардың тақырыбы сан алуан. Автор тәуелсіздік жемістері туралы тебірене жырласа, ел ішіндегі  келеңсіз көріністерді де тілге тиек етіп, жас ұрпақты имандылыққа үндейді.20160419104858
Сондай-ақ Ақылбек Шаяхметтің «Каскалар мен маскалар» деп аталған Қостанайдағы «Қарлығаш» баспасынан жарық көрген жаңа кітабында оның кейінгі жылдары жазған прозалық шығармалары мен мақалалары, көсемсөздері топтастырылған. «Ақылбек ақын айтқан екен…» деген бөлімде жазушының әр жерде табан астында айтқан ұтымды да қанатты сөздері жинақталып отыр.20160419104903
Ал енді Қостанайдағы «Баспа үйі» шығарған «Нар қазақ – намысы бар қазақ» атты кітабының өзіндік ерекшелігі бар, ол төте жазумен басылған. Оған жазушының соңғы жылдары баспасөз бетінде және Ғаламтордағы әртүрлі сайттарда жарық көрген туындылары жинақталды. Жинақ шетелде тұратын бауырларымызға арналған.akylbek_agaj
Сонымен қатар, орыс тіліндегі «Голос степи» жинағы Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің профессоры Юрий Бондаренконың алғы сөзімен Астанадағы «Фолиант» баспасынан жарық көрді. Бұл жинаққа жазушының драмалық шығармаларымен қатар орыс тіліне аударылған прозалық туындылары мен өлең-жырлары енген.20160419104852

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓