Жүректен шыққан шымыр сөз

Облыс орталығындағы  Достық үйінде Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауының облыстық кезеңі болып өтті.

IMG_0816

–  Байқаудың басты мақсаты ең алдымен мемлекеттік  тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру,  жастар мен жасөспірімдер, оқушылар арасында көркем әдебиетті  насихатты жандандыру,  талапты да талантты жастарды іздеп табу. Бүгінгі байқауға  қалалық, аудандық кезеңінің жеңімпаздары атанған  он төрт  сайыскер қатысу үстінде. Байқау шарты бойынша 16-22 жастағы жастар қатыса алады. 

IMG_0825

Сол секілді  байқау барысында тек Оралхан Бөкейдің ғана емес  басқа да еліміздің ақын-жазушыларымыздың шығармаларынан да үзінді оқи алады. Өткен жылғы байқауда жеңімпаз атанған рудныйлық Жансая  Мұратбаева республикалық байқауда үшінші орынды жеңіп алды. Жылдан жылға жастар арасында  ақын-жазушыларымыздың шығармаларынан үзіндіні жатқа  оқу саны артып келед. Ол да үлкен қуаныш,-деді  облыстық тілдерді дамыту басқармасының бас маманы  Сайда Бажерова.

IMG_0832

     Қатысушылар өздерінің  тіл ұстарту шеберліктерін прозалық, драмалық шығармалардан үзінді, мәнерлеп өлең оқып көрсете білді.  Мәселен, Қостанай ауданынан келген  Ғайни Адилпанова,  қарасулық Әлішер  Қуанышбек Оралхан Бөкейдің «Жылымық»,  тарандық Балзина Атымтаева  «Апамның астауы» әңгімелерінен үзінді оқығанда  байқағанымыз сол, әңгіме үзінділерін  нақышына келтіріп, мәнерлеп, дауыс ырғақтарын өзгертіп оқығанымен,  орыс әріптерін айту дикциясы байқалды.

IMG_0842

  Басқа қатысушыларда сондай бірлі-жарым кемшіліктер кездескенімен драмадан, прозалық шығармалардан  үзінділерді  жоғары  деңгейде оқығандарын атап өткіміз келеді. Әрқайсысы  көркемсөз оқудың шебері, жүйрігі.  Бір-бірінен қалысар емес. Өйткені жеңімпаз  Астана қаласында өтетін Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауына қатысуға мүмкіндік алады.

IMG_0845

 
 
 
 
Гүлназым САҒИТОВА
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ
 
  

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓