Еуразия Медиа Форумы ресми түрде ашылды

Бүгiн Астанада ХIII Еуразия Медиа Форумы басталды. Аталған шараға қатысу үшiн биыл Қазақстанға әлемнiң 50 елiнен 30 спикер мен 400 делегат келдi. Бұқаралық ақпарат құралдарының 400-ден астам өкiлi Форумнан хабар тарататын болады, деп хабарлайды Baq.kz571865eb61b801461216747
Форумға әлемге танымал экономистер, саясаткерлер, журналистер, қоғам қайраткерлерi әлемдiк экономиканың келешегi, араб дүниесiндегi өзгерiстердiң геосаяси салдары, Еуропалық одақтың болашағы, ХХI ғасырдағы ақпараттық соғыс, мұнай өндiрушi елдердiң имиджi және теле-кино индустриясының қоғамға ықпалын талқылау үшiн жиналды.
Форумды ЕАМФ Ұйымдастыру комитетiнiң төрайымы, Қазақстан премьер-министрiнiң орынбасары Дариға Назарбаева мен Ауғанстан Ислам Республикасының бұрынғы президентi Хамид Карзай жиынға қатысушыларға арнап сөз сөйлейдi.
Атап өтсек, форумның ресми ашылуы бүгiн өткенiмен, кеше конференция шеңберiнде үш шеберлiк сабағы өткiзiлген болатын.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓